Үшінші мегаполисте хоккейден 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Федерация кубогына» арналған Республикалық турнир өтуде. Спорттық бәсекеге еліміздің 7 өңірінен командалар келген. Олар апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Үйымдастырушылар биылғы турнирге Өзбекстан елінің хоккей командасы да қатысып жатқанын айтады. 

Бұл Республикалық турнирдің бірініші кезеңі.  Мұз сарайында өтіп жатқан шараның ашылу салтанаты 4 қазан күні өтті. Енді жас спортшылар апта бойы өзара бақ сынайды.  Ал, Қызылордалық «Қайсар» командасының жаттықтырушысы жарысқа 14 ойыншысымен келіпті. Ойыншылардың саны аз болсада жеңістен дәмелі екенін жасырмады. 
ҚР хоккей федерациясының кубогына арналған жарысқа Өзбекстанның « Тashkent select»  командасы да қатысуда. Көрші елдің жас спортшылары еліміздің бұдан өзге жарыстарында биіктерден көрініпті.  
Республикалық турнирге еліміздің 7 өңірінен келген командалар қатысуда. Жалпы қатысушы спортшылар саны 154. Ал, Шымкенттің намысын №8 қысқы спорт түрлерінен олимпада резервінің  мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  «Торнадо» командасы қорғайды. 
Айта өтейік, төрт турдан тұратын спорттық бәсеке 2023 жылдың наурыз айында қорытындыланбақ. Ауқымды шара Астана қаласында өтеді деп күтілуде.