Қыс қаһарына енді мінді. Толассыз жауған қар коммуналдық қызметтің жұмысын жандандырды. Қала көшелерін ақ ұлпадан аршу, жаяу жүргіншілердің жолағын тазалау үзіліссіз жүргізіліп жатыр. Түн жарымында басталатын жұмысқа жүзден аса техника жұмылдырылып, мыңға жуықадам тартылған.


Үшінші мегаполисті қардан тазартуға 1000 ға жуық жұмысшы жұмылдырылып, 2 мың куб инертті материал себілген. Тазалау жұмысына тұрғындардың бірі оң бағасын берсе, енді бірі атқарылып  жатқан жұмыстың баяу екенін айтады.
Ал, таңғы бестен жұымсқа кірістік деген сала мамандары көшелерде қардың қарқынды түрде тазаланып жатқанын айтады. Мәселен Әл-Фараби ауданы аумағында ішкі орам және орталық аумақтарын ақ ұлпадан арылтуға 34 техника тартылып, 185 адам жұмылдырылған. Аудан әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев қардан аршу жұмысын бес бағыт бойынша жүргізіп жатқанын айтты.
Қаратау және Еңбекші аудандарындағы тазалық жұмысымен «Жасыл жер» серкітестігі айналысса, Әл-Фараби мен Абай ауданындағы қар күреу жұмысымен «Build Stroi» мекемесі айналысады. Тазалық жұмысына 120 дана техника тартылса оның 12-сі жаяу жүргіншілер жолын аршиды. Айта өтейік, қазіргі таңда қоймада 5 мың куб инертті  материал бар. Қажеттілік туындаса сатып алуға мүмкіндік бар дейді жауаптылар.