Қаржылық пирамида, интернет алаяқтық  қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Соңғы 5 жылда елімізде алаяқтық қылмысы 50 пайызға артқан. Мегаполистегі білім нысандарында қаржылық сауатты ояту  үшін Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің уәкілдері арнайы жиын ұйымдастыруда.


Өткен жылы  Шымкенттетіркелген 3510 алаяқтық қылмысының 27 пайызы интернет арқылы жүзеге асқан.  Сонымен қатар қалада  7 қаржылық пирамида анықталған. Әр пирамидада орта есеппен  500-600 салымшы барын ескерсек тұрғындарға келген шығын орасан.  Милиярдтаған теңгені алаяқтар аңғал адамдардан алып кеткен.Алданғандардың қатарында мұғалімдерде бар.
Алаяқтардың арбауына түскен шымкенттіктердің басым көпшілігі жұмысқа орналасамын деп ақша беріпті. Әлеуметтік көмектер мен мемлекеттік бағдарламалар саласында да  211 қылмыстық жағдай тіркелген. Білім саласы қызметкерлерінің қаржылық сауатын ашуға арналған жиындар жиі ұйымдастырылып тұрады екен. Себебі бұл саланың қызметкерлері көп.
Ә.Науаи атындағы №11 мектепте  2013 оқушы білім алады. Мұнда қазақ, орыс, өзбек сыныптары бар. Білім ұясында  146 мүғәлім бар. Олар екі ауысымда шәкірт тәрбиелеп  жұмыс істеуде.