Қыстың аязы ұзаққа созылып, күнгейліктерді біраз әбігерге салды. Мұндай ауа райына әлі дайын емес екендіктерін айтқан ағайын, күннің көзі жылынғанын асыға күтіп жүр. Бұл ретте, синоптиктер не дейді? Аяздың беті қашан қайтпақ?


Қыс қарымен сәнді. Алайда, ұзақ уақыт жатқан ақ ұлпадан шымкенттіктер жалыға бастаған секілді. Әбден жылы ауа райына үйреніп қалған күнгейліктер, мұндай қысқа дайын емес екендіктерін айтады.
Аяздың беті қайтпай тұрғанына екі аптадан асып барады. Синоптиктердің айтуынша минус температурасы қаңтардың 28-не дейін сақталатын көрінеді. Әрмен қарай, күннің көзі жыли бастайды екен.
Биылғы қыс, бұрынғыға қарағанда ерекше. Қары қалың, аязы өрберіңнен өтіп барады. Күндіздің өзінде -27 градусқа дейін көтерілді. Алдағы күндері плюс температурасы болғанымен, арты жаңбырға айналады.