Өңірміздегі су тасу қауіпі бар аймақтарда апаттың алдын алу жұмыстары қызып тұр. Арыс қаласында жауын-шашынның шамадан тыс түсіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген.  Жауған қар, мұздықтардың еруіне байланысты елді мекендерді су басу қаупін алдын алу бойынша тиісті  жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Апатты жағдай Арыс халқын кешелі бері әбігерге салды. Арнайы комиссия құрылып шұғыл шаруаға кіріскен.  Тасқын судың алдын алу мақсатында 170-ке жуық маман, 15 мотопомпа, және 22 бірлік арнайы техника тартылып, 8000 қап құм әзірленді.Қазіргі таңда Монтайтас ауылдық округінде су басу қаупі бар арық-атыздар мен жыраларды арнайы техника көмегімен тазалау, бөгеттер қою жұмыстары жүргізілуде.Ал, Қызылкөпір елді мекенінде орналасқан Бөген өзені жағалары бекітіліп, суды қауіпсіз аймаққа бұру жұмыстары жалғасуда. Ал,  қала көлемінде, су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналасы құм салынған қаптармен бекітіліп жатыр.


К.Дүйсенбі