Шымкентте көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті. Бұл жолғы жарысқа жазушы, журналист, аудармашы , Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың шығармалары арқау болды. 25 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан байқауды бұл жолғы ерекшелігі қандай?
Байқауға қатысуға ниет білдірген 25 үміткердің арасынан 12 жас іріктеліп жартылай сынға түсті. Олар алғашқы кезеңде жазушы, журналист, аудармашы , Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың шығармаларынан проза оқыса, екінші турда өз қалаулары бойынша поэзия жанрындағы жыр шумақтарын жатқа айтты.
Тіл мәдениетін көтеріп, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау 25 жылдан бері өзкізіліп келеді. Осы орайда, елге еңбегі сіңген ақын, жазушылардың шығармаларын халық арасында кеңінен таныстыру қолға алынған.
Жыр додасында өңірімізге белгілі тұлғалар төрелік етуде. Сайыста бағы жанып, оза шапқандар Республикалық көркем сөз оқу байқауында өз бақтарын сынайтын болады. Жеңімпаздарға қазақи нақыштағы бағалы сыйлықтар берілді.