Түркістанда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған «Елім-ай»дастанына 300 жыл» толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен белгілі академиктер мен ғалымдар,Қожаберген танушы жазушылар, зиялы қауым өкілдерімен жас ғалымдар  қатысты. Онда қазақ халқының тарихындағы ең бір қилы кезеңінде ұлтты көтеріп, ыдырап кеткен халықты бірлесіп қахарлы жауға қарсы тұруға үндей білген Қожаберген жыраудың өмірі де кеңірек баяндалды. Ұлт ұстанымы болған «Елім ай» дастанының авторы Қожаберген жырау Толыбайұлының дипломатиялық қыры мен қол бастаған батырлығы, ең негізгісі Ата заңымыздың қазығы болған «Жеті жарғының» авторы ретінде орны бөлек екені айтылды.Конференция аясында қаралы көш құлаған қаратаудың қойнауына құлпы тас тұрғызылып, жыр мүшайрасы да ұйымдастырылды.

«Қара таудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді»,деп Қожаберген жыраудың жазған өлең жолдары қазақ халқының қилы замандағы қиын өмірін көз алдыңызға еріксіз елестетеді. Өмір мен өлім таразы басында дірілдеп таласып тұрған шағында батыр Елім айлап жырлап, қазақ халқын жауға қарсы тұруға үндеді. Соның нәтижесінде Ордабасыда жиын өтіп, бүкіл қазақ бас қосып, Әбілхайыр хан бастаған қалың қол жоңғарды жерімізден біржолата қуып шықты. Атақты «Аңырақай» шайқасы да сол кезде болды.Ел үшін болған ұлы ұрыста көзге түскен Қожаберген батыр кейін  Әз Тәуке ханның кезінде 22 жыл қазақ қолын басқарды. Батыр егде тартқан шағында Түркістанда болып өз орнын Бөгенбайға беретінін айтқаны тарихта жазулы. Биыл үкімет қаулысымен елімізде кең көлемде тойланғалы отырған Қожаберген жыраудың 360 жылдығы мен  «Елім-ай» дастанына 300 жылдығына арналған алғашқы жиынның Түркістаннан басталуы да сондықтан, дейді шараны ұйымдастырушы «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекет ТҰРҒАРАЕВ.

Бекет ТҰРҒАРАЕВ,«Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы,

- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері қазақ халқының тағдырының шешуші кезеңінде ұлтты көтеріп, үндеу жасап, қахарлы жауға қарсы тұруға үн тастаған елімай дастанының 300 жылдық мерейтойы қазақтың ұлы жырауы қожаберген толыбайұлы 1723 жылғы  ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама атанған зар заманды өзінің елімай жыры арқылы бүкіл халықты жауға қарсы қойюға үндеді. соның нәтижесінде еліміздің азаматтары халықымыздың басы бірігіп, ордабасы жиыны өтіп, сол жиынннан бүкіл қазақ бас біріктіріп, бас қолбасшы әбілқайырды тағайындап, қазақ жерінен жоңғарды мүлде қуып шықты. атақты аңырақай шайқасы, басқа да ірі ірі шайқастар қазақ қолы үлкен жеңіске жетті. соңында абылайхан бастаған ұлтымыздың ұлы тұлғасы абылай хан қазақ жерінен жоғарды шағаруға басшылық жасады

Жалпы жұрт Елімайды жатқа білгені болмаса оның авторы Қожаберген жырау жайлы көбірек мағлұмат біле бермейтін. Еліміз тәуелсіздік алып өз алдына тарихын түгендей бастаған кезеңде жыраудың батырлығы мен оның дипломатиялық қыры ең негізгісі Қожаберген қазақтың тұңғыш заңы ұлтымыздың ұлы билері, Төле, Қазыбек Әйтекелермен бірлесіп жеті жарғы шығармасын жазды. Жеті жарғы қазақтың тұңғыш заңы: Қазақтың ұлттық қалыптасқан әдеп ғұрып заңдарының басын біріктірген үлкен заң болды.Бүгінге дейін оның көптеген баптары біздің негізгі заңдарымызға басшылыққа алынатын болды. Міне сондықтанда Қожаберген заңгер ретінде, ұлы қолбасшы ретінде жырау ретінде дипломат ретінде өте білімді үлкен адам болған. Самарқанда білім алған арап, парсы өзбек тілдерін жақсы білген. Сондықтан әз тәуке хан батырды елшілікке де пайдаланған. Әз тәукеге қызмет қылып жаздым жеті жарғыны,деген өзінің шығармасы бар.

Бекет ТҰРҒАРАЕВ,«Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ол өзінің шығармасында мәңгілік ел болуды армандайды. Кеудеңде шыбын жаның болса егер ,жоғалтпа жер бетінен қазақ атын,деп мәңгілік қазақтың жер бетінен жойылмауын сол заманда айтып өткен. Сонымен қатар қожаберген мына біздің қазақ тілінің қалыптасуын, қазақ тілінде біздің сөйлеуімізді сол заманда баба тіл деген поемасын жазып, татар башқұрт басқа тілде сөйлей бастаған хан бар сұлтан бар билер бар солардың барлығын ұлттық тілімізде, ана тілімзде сөйлеуге үгіттеген. Ең алғашқы азаматтың бірі. Қожабергеннің тарихта біздің ұлы қолбасшымыз бауыржан момышұлы Елімай дастаны бұл әскери бастан. Қожабергенге дейінге бірде бір ақын жырау қазақ жерінің шекарасын анықтамаған бұл әскери дастан деп қайда екен сол шығарма деп армандаған. Сол кісі. Тәуелсіздік алғаннан кейін жарыққа шығып бүгінде осыны өзіміз әр кезеңдермен тойлап, халықтың санасына болашақ ұрпаққа жеткізіп отырамыз. Сондықтан бүгінгі қасиетті түркістаннан бастадық.

Конференцияда елімізге танымал ғалымдар жазушылар жиналып «Елім-ай» дастаны мен оның авторы Қожаберген жырау туралы өздерінің ойларын ортаға салды. «Бұл үлкен оқиға.Өйткені біз тәуелсіз ел болғаннан кейін алдымызға үлкен үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Жас ұрпақты бабалар рухында батырлар үлгісінде тәрбиелеуіміз керек. Олар сол біздің батыр да дана бабаларымыздың батырлығына ден қоюуы керек. Сондықтан бүгінгі шараның үлкен мән маңызы бұл елдің тұтастығына халықтың бірлігіне қызмет тетін жағдай. Қожаберген толыбайұлының  «Елім-ай» дастаны бұл біздің тарихымыз біздің халқымыздың қасіреті айбыны мен абыройы. Өкініштісі соны бағалай алмай келе жатырмыз.Қырғыздың «Манасы»  болса қазақтың «Елім айы» бар. Батырдың жыры әлі де кешіге берер ма еді егер Бекет Тұрғараев ол кісіні тереңірек зерттеп,  жарыққа дер кезінде шығармағанда, дейді жиынға солтүстіктен арнайы келген жазушы ағамыз.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ,

Қазақстан жазушылар одағы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры

- Түркістаннан басталуының өзінің де үлкен сыры бар. Өйткені осында қожабергенннің мұрасына жанашыр болып жүрген үлкен үлкен азаматтар бар. Солардың бірі де бірегейі бекет Тұрғараұлы Тұрғараев. Мен өзім ойлаймын егер осы кісі біздің өңірге қызмет бабымен келмесе Осы қожаберген жырауға ден қоймаса мүмкін бабамыздың халыққа оралуы ол әлі де кешеуілдей берер ма еді .міне осы кісі біздің өіңріде жүргенде  кітап шығарып, ескерткішінің орынауына да үлкен үлес қосқан азамат. Енді осында ел азаматтарымен араласып жүрген білгенім қожабергеннің шығармаларын білетін азаматтар өте көп екен.

Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында  қаралы көш құлаған қаратаудың қойнауына құлпы тас тұрғызылып, «Елім-ай жыры және Қожаберген батыр  - қазақ елінің намыс пен ерлік айнасы» атты жыр мүшайрасы да ұйымдастырылды.

Елім деп еңіреп өткен ұлт тұлғасы қожаберген жырау мен оның «Елім-ай» дастанын дәріптеуге арналған шара жыл бойы ел аумағында жалғасын табатын болады. Басты мақсат  жыраудың өлеңдері мен өмір жолын насихаттау арқылы  жас ұрпақтың  рухын көтеру ,дейді ұйымдастырушылар.