Еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауыты Шымкентте салынады. Бұл өз кезегінде коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешеді дейді жауаптылар. Зауыттың жылына 300 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдықты өңдеуге қауқары болады. Сонымен қатар, мамандар қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру үшін арнайы мобильді қосымша ойлап тауыпты. Оның тиімділігі мен  функциясы жайында әріптесім айтсын.

Қоқыс өңдеу зауытын салуға инфестор шет елден тартылады. Қазіргі таңда Қытай, Германия және Испания елдерінен қызығушылық танытып отырғандар бар.  Жауаптылар шетелдік инвесторлардың арасынан талапқа сай келетінін таңдаймыз дейді. Әсіресе Испандықтардың қоқыс қалдықтарын өңдеу технологиясы көңілден шығып отырғанын жасырмады. Қазіргі таңда ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігімен қала әкімдігі арасында келіссөз жүріп жатыр. Жоба үкіметтен қолдау тауып жатса жергілікті билік өклдері жобанеы жүзеге асыруға дайын екендерін айтады.

Енді контейнерлерге қоқыс тастау үшін арнайы мобильді қосымшаның көмегіне жүгінуіңіз мүмкін. Қолыңыздағы смартфонның көмегімен GPS навигатор арқылы алаңшадағы жәшіктердің  толымдылығын, арнайы техника қашан және қай жерде келе жатқанын біліп отыруға болады. Мұндай жаңашылдықты Алматылық «Ренессанс плюс» компаниясы ойлап тауыпты. Әлемнің алпауыт елдерінде қолданысқа ие жобаны Шымкентте  алғаш рет жүзеге асырмақ ниетте.     

Айта өтейік, биыл ақпан айынан бастап  қалалық полигон жекенің меншігінен мемлекет қарауына қайтарылыпты. Осы аралықта мұнда жинақталған қалдықтар жерге көміліп, топырақпен тегістелген.