Әскери ант қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Шымкенттегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында жаңадан келген жас толым ҚР адал қызмет етуге серт берді.

Алматыдан ат арытып келіп жатқан ата-аналар. Перзенттерінің нағыз азамат болғанына куә болмақ.

Жауынгерлер көктемде келген. Алматы қаласынан 10216 әскери бөлімінде қызметін өтеп жүр. Олар Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға ниеттеніп отыр. Дайындықтары жақсы.

Жас сарбаздар әскери бір ай ішінде алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Саптық, дене шынықтыру, атыс даярлығының, жалпы әскери жарғылардың негіздерін оқиды. Оқу полигонында практикалық атыс жасайды. Алда олар механик-жүргізуші, радиотелеграфист, планшетші, электрик және басқа да көптеген мамандықтарды игереді.