Халықаралық жастар күніне орай Шымкентте «Базар жастар лигасы» басталды. Сауда орталықтарының жастарына арналған спорттық сайыс екі аптаға созылмақ.
12-тамыз Халықаралық жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен базаршы жігіттер бүгін шаршы алаңда доп тепті. Қаладағы базарлар мен ірі сауда орталықтарының жастарына арналған ауқымды шарада ұлдар футбол ойнаса, қыздар валейбол ойынынан бақ сынайды. Аталған шараға 200 ге жуық жастар қатысып, 16 команда жасақталған.
Атап айтқанда. Алаш, Акбар, Авто-Нұр, Айна, Барыс, Тұлпар, Технодом, Север, Сулпак, Жібек жолы, Эврика, Мечта, Магнум, Көне қала, Пионер, Қырғы базарлары қатысуда.Ұлдар арасында фудбол ойыны 4 күнге созылады. 11-тамыз күні жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Алдағы апта 14-тамыздан бастап валейболдан қыздар арасындағы ойын кезек күтіп тұр. Бұл жобаға жастар санатына кіретін 14-35 жас аралығындағы жастар қатысуда.
урнирге Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген 4 төреші алқасы тартылған. Қорытынды нәтижесінде жеңімпаздарға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы атынан арнайы дипломдар мен жеңімпаз командаға кубок табысталады. 1-орынға 10 планшет, 2-орынға 10-смартфон, 3 -орынға 10-велосипед аталып отыр.
Лаура Аманбай