Қазақстанда бүгін – Абай күні тойланып жатыр. 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтіледі. Шымкенттіктер, Абай туралы не біледі екен, сұрап көрдік.

Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, ойы терең және тілі өткір Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған. Абайдың гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары бүгінде аса өзекті. Шымкенттіктерден қазақтың ұлы ақыны туралы не білетінін сұрап көрдік.

«Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ұждан адамды көтереді» - Абайдың осы және басқа да сөздері қанатты сөздерге айналды. Абай 170 астам өлең мен 56 аударманың авторы. Оның қаламынан бірнеше поэма мен «Қара сөздері» туған. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.   Бүгінде Абайдың 178 жылдығы жер-жерде аталып өтіп жатыр.