Шымкенттіктер ұмыт болып бара жатқан Алаша тоқу өнерін қайта жаңығыртып отыр. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында жас қыз-келіншектер үшін арнайы дәріс өткізіліп келеді. Онда жасы 80-ге таяған кейуана жіп иіруге арналған ұршық, өрмек түрлерін қолданатын шеберлік сағаты өтеді.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы талай игі іске мұрындық болып келеді. Ұлттық өнерді ұлықтап, қазақтың кешегісін көзің қарашығындай сақтап отырған мекемеде қазір құнды дүниелердің 5 мыңнан астам түрі бар.
Қаулат әжейдің жасы 80-ге таяған. Бала кезінен кілем, алаша тоқып үйренген әже қазір осы өнердің ұмыт болып бара жатқанына алаңдайды. Сондықтан үйде немерелеріне үйретіп отырады. Енді арнайы мамандарға ға дәріс беріп жатыр.
Қаулат Қаржауова, шебер
- Бұл енді қиын өнер емес. Бұны меңгерген қыздарға жақсы. Күнделікті тұрмыста қажет нәрсе ғой. Үйреніп жатыр қазір жастар. Соған қуанамын.
Дәріске кейуананың 12 жастағы немересі Кәусар да қатысып жүр. Ол төсеніштің түр-түрін тоқып меңгеріп алған. Енді шұлықтар мен жейдеге өрнек салмақ. Ал салт-дәстүр орталығындағы мамандар нағыз алаша тоқуды меңгеріп үлгерді.
Алаша тоқу – асқан шеберлікті, қырағылық пен төзімділікті қажет ететінін қасиетті өнер. Осынау істі меңгерген жастар талғампаз, ой-өіріс кең болмақ сондықтан әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы көнені жаңғыртып, қазақтың ұлттық болмысын сақтауда аянбай еңбек етіп келеді.