Ордабасы ауданындағы Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қуанышқа бөленді. Білім ошағын 2012 жылы бітірген түлектер спорт кешенін салып берді. Оқушыларға жасалған игілікке ұстаздар да дән риза. Нысанның ашылуына орай, жасөспірімдер арасында футболдан шағын турнир шымылдық түрді.

Туған елге тазғым ету – әр азаматтың қасиетті борышы. Осынау қағиданы берік ұстанғандар бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап отыр. Игілікке 2012 гимназия қабырғасынан 2012 жылы түлеп ұшқандар мұрындық болған.

Спорт алаңшасы 1200 шаршы метрді құрайды. Заманауи талапқа сай салынған нысан ұстаздардың да қуанышын еселеп отыр.

Салтаннатты ашылудан соң спорт кешенде жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. Онда 2010-2013 жылы туылған 50-ге тарта бала қатысты. Енді жас спортшылар осы кешенде жиі жаттықпақ ниетте.

Мектеп-гимназияда спорт залы болғанымен ашық алаң бос болатын. Осы орынды тиімді пайдаланып, заманауи кешен салынуына білім ұясының басшылығы да ризашылық танытып отыр. Осылайша туған елге тағзым етем деушілерге қашанда қолдау бар.