Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. Берлиндегі Рейхстагқа алғашқы жеңіс туын тіккен қазақ, тарихи ерлігін небәрі 21 жасында жасаған. Батырдың жанқиярлығы – елінің мәңгі есінде.
 Мерекелік шарада Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлік жолын көрсететін көрме ұйымдастырылды.  «Жас сарбаз» клубтарының тәрбиеленушілері Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа ту тіккен сәтінен әсерлі қойылым көрсетті.
ЕРТАЙ АЛТАЕВ  - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Рейхстагқа ту тігу тапсырмасы көп халықтар арасында ең батыры деп, ең өжеті деп, ең жігерлісі деп біздің қазақ ұлтының өкілі Рақымжан Қошқарбаев атамызға тапсырғаны біздің еліміз үшін, қазақ ұлты үшін үлкен бір мақтаныш.
Мерекелік шара аясында «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «облыстағы әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.
 ТҰРҒАНБЕК БЕГИМОВ -  «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Тиімділігі әкімшілік тарапынан да, «Аманат» партиясынан да, әскери комиссарияттан да оларға да тиімді болып тұр. Бізге де тиімді болып тұр. Өйткені әр ардагерлік ұйым өздері іс-шара өткізбей, ортақ жүйеде, мәнді етіп, нәтижелі етіп сондай іс-шаралар өткізсек дейміз.
Меморандумның мақсаты – әртүрлі деңгейдегі ардагерлердің бірлігін нығайтып, «Ардагер» деген құрметті есімнің мәртебесін көтеру. Айта кетейік, облыстағы әртүрлі деңгейдегі ардагерлер ұйымының 7 мыңға жуық мүшесі бар.