Елім деген ерді елді де елеп, лайықты құрмет көрсетуі тиіс. Осы ұранды бетке алған Шымкент қалалық білім басқармасы №135-ші мектеп қабырғасынан ақын, халық жазушысы – Мұхтар Шаханов кабинетін ашты. Бөлме іші тіл жанашырының шығармашылығымен толықтырлып, фото-естеліктер ілінген. Арнайы стендттер ақын еңбектерінен ақпар беріп, жас өренге үлгі көрсетеді. Сыныптың ашылуына Мұхтар Шахановтың өзі арнайы қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды.
 Сынып іші ақын жанкүйерлеріне толып, ине шаншыр орын қалмады. Шараға ұстаздар мен оқушылардан бөлек, жиын болатынын естіген басқа да қала тұрғындары іздеп келген. Ақын жалпыға алғыс айтып, жадына берік бекіген жыр жолдарын оқыды.
 МҰХТАР ШАХАНОВ, ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, АҚЫН, ДРАМАТУРГ
 – «Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңының тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес, күрестердің ұлысы.»


 Шара ары қарай мектептің думан залына ауысып, оқырмандармен кездесу форматына өзгерті. Мектеп мұғалімдері ақын шығармаларынан қойылым көрсетіп, арқалы ақындар жыр жүйрігін мадақтады. Жас өрен де тосылып қалмай, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Соның бірі - Алпамыс Әлихан. Төрінші сынып оқушысы Мұхтар Шаханов өлеңдерін нақышына келтіре орындап, көптің таңданысын тудырды.

АЛПАМЫС ӘЛИХАН, ОҚУШЫ
 – «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана..»

 Мектеп басшылығы «М.Шаханов сыныбы, жас өренге жол нұсқаушы темірқазық іспеті. Бағыт-бағдар көрсетіп, жол нұсқайды» дейді. Ұлттық құндылықтарды басты орынға қойатын білім ордасы, аталған сынып оқушылар санасын сілкілеп, партриоттық сезімін жетілдіреді деп отыр.
 БЕРІКБАЙ ЕЛТАЙҰЛЫ  - №135 ЖОБМ ДИРЕКТОРЫ
 – «Бәріміз сол кісінің өлеңдерімен суысындап өстік, жас өрен де сусындап өсіп келе жатыр. Мұхтар Шахановты бүгін арнайы шақырып, құрметіне «ақындық өнер» сыныбыбын ашып жатырмыз.»
 Жанкүйерлер ақынға өзін толғандырған көкейтесті сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Жастарға жөн сілтеп, бағыт-бағдар берген тірі аңыз: «Шындықтан биік шың, ақиқаттан асқақ асқар жоқ!» дейді. Сөзінше: келешек жүгін арқалап, болашақ тұтқасын ұстаған жас өрен әділдік пен туралықты ту етуі шарт. Кеш соңы жыр жанкүйерлерінің Мұхтар Шахановтан қолтаңба алып, суретке түсуімен түйінделді