Түркістандық полицейлер жастармен     кездесіп жүр. Құқық қорғаушылар қоғамда тәртіпсіздіктің алдын алмақ ниетте. Бірінші кездесу Ордабасы ауданында өтті. Оған жергілікті жастар мен 400-ге жуық тұрғын қатысты.
Кездесуде облыстық полиция, прокуратура басшылығы, ауыл ақсақалдары мен мұғалімдер сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті, жастарды қолдау, идеологиялық шараларды күшейту, спорт залдарының санын көбейту және жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту бағыттарын атап өтті. Бүгінгі таңда облыс полициясы кәмелетке толмағандарға қатысты 800-ге жуық құқық бұзушылықты анықтап, 500-ден астам жасөспірімді есепке алды, олармен тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар полиция 1700 қоғамдық көмекшімен бірлесіп алдын алу шаралары жалғасып жатыр.