Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық туын нығайту мақсатында Шымкентте велошеру өтті. Оған еліміздің өзге қалалары мен Өзбекстан елінен 130-ға жуық қатысушы келген. Спроттық іс-шара Әл-Фараби алаңынан бастау алып, велоәуесқойлар Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы Жібек жолы кеден бекетіне дейін жүріп өтті. Марафон жайында әріптесім дайындаған сюжетте толығырақ.
Аима Мусаков Sundaybike командасының мүшесі. Велошеруге қатысу үшін Алматы қаласынан жеткен. Шымкентте бұрын-соңды болмаған ол мегаполиске алғаш рет табаным тиіп тұр дейді. Марфонға қатысуға өзімен бірге тағы 20-ға жуық адам келген.
Марафонның ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысты. Өз кезегінде ол іс-шара мақсаты велоспортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау екенін алға тартып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 Велоәуесқойлар Шымкент-Ташкент тас жолымен жүріп өтіп, Жібек жолы кеден бекетінде мәре сызығын кесіп өтті. Жүру арақашықтығының ұзындығы 120 шақырым. Шымкенттен бастау алған спорттық іс-шараға еліміздің әр өңірінен 130 велошабандоз қатысты.
 Жібек жолы бекетінде қорытындыланған марафон қатысушыларына спорттық шараға ат салысқаны үшін алғыс хаттар беріліп, әрбірінің мойнына медальдар тағылды.