Шымкентте Орталық Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі – Decentrathon-2 өтті. Astana Hub халықаралық технопаркі және аймақтық Shymkent Hub және Blockchain Center зерттеу зертханасы ұйымдастырған іс-шараны цифрландыру басқармасы қолдап отыр. Орталық Азияда екінші рет өтіп жатқан хакатон Қазақстанның 17 өңірінде бір уақытта басталды.
  Хакатонда төрт негізгі бағыт қамтылған, қатысушылар жасанды интеллект, Blockchain, ойын индустриясы, Telegram шағын қосымшалары бойынша тапсырмаларды орындап, жаңа жоба жасап шығулары керек. Негізгі мақсат та сол болмақ.
Қатысушылар 48 сағат ішінде өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін қорғады. Инновациялық идеяларын ұсынып, жоғарыдағы салалар бойынша стандарттан тыс тәсілдер көрсетулері керек.
ТИМУР ҚОЗЫКЕЕВ, SHYMKENT IT HUB МЕНЕДЖЕРІ 5285: 01,14-01,45
– «Decentrathon» Қазақстанда неғұрлым озық технологиялық ландшафт пен тұрақты блокчейн экожүйесін құру жолындағы тағы бір қадам болады. Блокчейн индустриясының дамуына үлес қосуға қаладағы Назарбаев мектептерінің оқушылары, университет студенттері қатысуда. Дарынды жастарға өз әлеуетін кең аудиторияға көрсетуге тамаша мүмкіндік болмақ. Бірнеше жылдан кейін блокчейн технологиясы біздің өмірімізге еніп келеді. Қазақстан бұл салада тек бәсекеге қабілетті елге айналып қана қоймай, алдыңғы қатарлы ел болуға толық мүмкіндігі бар. Ал Decentrathon – бұл блокчейн әлеміндегі жаңа бренд, одан керемет блокчейн қауымдастығы өседі. Хакатон блокчейн технологияларына қызығушылық танытатын барлық инноваторларға ашық.
Биыл хакатонға IT саласына қызығушылығы бар 2000-нан астам қатысушы тіркелген. Ал, Шымкенттен 80 адам, 29 команда қатысып, өздерінің бағын сынады.
 Биылғы Decentrathonның жүлде қоры 50 000 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздар инновациялық шешімдері мен идеялары негізінде таңдалады.