«Балабақшада ұлттық құндылықтарды пайдалану арқылы балалардың танымдық, тілдік, шығармашылық қабілеттерін арттыру». Дәл осы тақырып аясында Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылындағы «Зура апа» бөбекжай балабақшасында семинар өтті. Оған аудандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Толығырақ келесі бейнематериалда.
 Ойын баласына өзіне түсінікті тілімен түсіндіріп, ұғынықты тәсілдермен жеткізген әлдеқайда тиімді. Осы орайда, ересек және  мектепке дейінгі дайындық топтарының арасында ашық сабақ өткізген тәрбиешілер бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздейді.
 Семинар барысында баланың жеке басының іскерлік дағдыларын қалыптастыра отырып танымдық дүниесін байыту басты назарға алынған. Сондай-ақ шығармашылыққа баулып, тілдік қабілеттерін арттыруды балабақша қабырғасында қалаған қай жағынан алып қарасақ та тиімді болмақ.  
 Білім¬нің бастауы – балабақшада десек,  өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс¬терді енгізу қажет. Әрине, бұл ретте мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына бай¬ланыс¬ты екені даусыз. Осы орайда, мұндай семинарлардың бері мол, дейді қатысушылар.
 Заман өзгерген сайын¬  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа¬ңବ¬рып, толығу үстінде. Осы орайда,  баланы ойын арқылы оқытып, тілдік-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру өте тиімді болмақ. Жиынды қорытындылаған қатысушылар үйреніп, ойға түйгендерін өз әріптестерімен бөлісе отырып, қолданатындықтарын жеткізді.