Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры өтті. Қостанай  қаласында жергілікті  "Тобыл" мен  шымкенттік "Ордабасы" командасы кездесіп алаң иелері 1-0 есебімен басым түсті.

 23 турдың орталық ойыны болып саналған матчтағы ойын басымдығы Қостанайлық  Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттерінің ықпалымен өтті. Ойынның 32-минутында Еркін Тапаловтың  тамаша соққысынан  кейін есеп ашылды. Ордабасы командасының қорғанысындағы қателігін  дұрыс пайдаланған алаң иелері осылайша алға шықты. Есеп 1-0. Ойынды өзгертуге күш салған Кирилл Кекер шәкірттері ұлттық құрама қақпашысы Стас Покатилов қателікке бой алдырмады. Ойынның басты қахарманына айналған қақпашы өрескіл қателік жіберді. Бұл аз болғандай өрескілдік танытқан Яхшибаов алаңнан қуылды. Он ойыншысы қалған Ордабасы осы есепті өзгерте алмады. Қазіргі командамыз түрнир кестесінің көшін бастап тұр.Дегенмен алтын медальдан үміті бар делінген Алматының Қайрат командасы Түркістанның Тұран футболшыларын қабылдап 5-1 есебімен ойсырата жеңіп екінші орынға тұрақтады.  Алтын медаль үшін болатын басты кездесу Ордабасы мен Қайрат арасында өтетін матчта шешілетін болады. Осы кездесу басты матч болмақшы. Оған дейін Ордабасы Жеңіспен кездесу өткізеді. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз.