Озық ойлы оқушыны дайындауда жаңа технологиялар мен тиімді тәсілдердің маңызы зор. Осы орайда Шымкентте кезекті тәжірибелік семинар өтті. «Сапалы білім беруде жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдары» тақырыбындағы ұстаздар жиынынан сюжет көріңіз.
Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері шексіз. Оларды қолдану арқылы білім беруде озық жетістіктерге жетуге болады. Әрі балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға қосар үлесі зор. Осы мақсатта мегополистің мұғалімдері бас қосты. Academy of golden kids мектебіндегі семинардың өтуіне Білім басқармасы ұйытқы болған.  
 Тәжірибелік семинар қоғамдық-гумманитарлық, яғни қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәндерінің мұғалімдеріне арналған. Оған қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектептерден жалпы саны 100-ге педагог қатысты. Олар ашық сабақтарға кіріп, тәжірибе алмасты.
: Жиын аясында сонымен бірге мектепте ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығы ашылды. Мұнда ата-аналармен тығыз байланыста болу үшін жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырылады.  
 Достық шағынауданындағы Academy of golden kids мектебі аймақтағы орын тапшылығы мәселесін шешіп отыр. Сондай-ақ аталған оқу орны сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде үздіктер қатарына енген. Оқушылар үшін мемлекеттік стандарттағы білімнен бөлек, түрлі шығармашылық және спорттық үйірмелер жұмыс істейді.
 Биылғы Тамыз конференциясы «Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбына арналған еді. Сондықтан да жасанды интеллект еліміздің білім беру жүйесіндегі сапалы өзгерістердің катализаторы болу әлеуеті бар. Бұл оқушылардың сыни ойлау дағдыларын, бейімділік пен шығармашылықты дамытуға ықпал етеді.