Шымкент қалалық корейлер қауымдастығының құрылғанына 35 жыл. Атаулы датаға орай этнос өкілдері «Достық» үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жиында Шымкент қаласындағы корейлер туралы мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер көрмесі қойылды. Сондай-ақ «Шымкент және Түркістан өлкесінің корейлері бұрынғы және қазіргі уақытта» кітабының тұсауы кесілді.
 Алдымен келушілер корейлердің Қазақстанға қоныс аударуынан сыр шертетіән тарихи фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттардан жасақталған көрмесін тамашалады. Қазақ жеріне корейлер алғаш рет 1937 жылы қоныс аудара бастапты. Қазіргі таңда архивте бұл туралы біраз мағлұмат жазылған.
 АЙДЫН ИСАТАЕВА - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БАСШЫСЫ
- Біздің көрмеміз 1937 жылдан 2002 жылға дейінгі кәріс халқының біздегі түпнұсқа құжаттардан алынған көрмені дайындап отырмыз. Бүгінгі кәріс халқынынң 35 жылдық мерекелік іс-шарасына келіп отырмыз. Бұл жерде кәріс халқының колхоз совхоздарға депортацияланғаны тураыл, сол кездегі тыныс-тіршілігі барлығы осындай түпнұсқа құжаттарды мерекелік іс-шараға  ұсынып отырмыз.
 1936 жылдары елімізге депортацияланған азаматтардың қатарында Екатерина Мунның әкесі де бар. Олар қазақ жерінде алғаш рет Қызылорда өңіріне қоныстаныпты.
35 жылдық қарсаңында арнайы дайындалған кітаптың тұсауы кесілді. Қалалық корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Пан  Шымкенттегі корейлер қауымдастығының бастамасымен әзірленген кітапта Қазақстандық корейлердің тарихы мен олардың осында өсіп-өркендеуіне ерекше назар аударылған.
 Іс-шарада бірлестіктің дамуына үлес қосқан  корей қоғамының ардагерлері мен белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
 Қазіргі таңда Шымкент қаласында 7 мыңнан астам корейлер тұрады. Қалалық ҚХА жанында әрекет ететін корей этномәдени бірлестігі ел игілігіне бағытталған игі бастамаларға сүбелі үлес қосып келеді.