Шымкентте Орталық Азияның кәсіпкер әйелдеріне және «TalpynUp» халықаралық тәлімгерлік бағдарламасының түлектеріне арналған форум өтті. Кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған іс-шарада нәзік жандылар тәжірибе алмасып, бизнесті дамытудағы ойларымен бөлісті.
 Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отырған форумның мақсаты – әйелдердің кәсіптік сауаттылығын арттыру және қолдау көрсету. Бұған дейін Алматы мен Астана қаласында өткен форумда халықаралық сарапшылар ғылым мен білім саласындағы жаңашылдықтарды талқылады.
АЙГЕРІМ ТАРБАҒАТАЕВА – БИЗНЕС-ТРЕНЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Жалпы бағдарлама әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін арналған. Бін 3 легтің ішінде 400 ден астам әйелдерді оқыттық. Оның ішінде Қазақстан, Өзбкстан, Қырғызстан елдерінің әйелдері оқып жатыр. Осы үшінші легте қазір 234 әйе бағдарламаны бітірді. Оның ішінде олар 153 жұмыс орындарын жасады. Жәнее сырттан 132 мың жоллар инвестиция тартты.
 Форумда түлектерге «TalpynUp» халықаралық тәлімгерлік бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм арнайы сертификат табыстады. «TalpynUp» USAID-тің кәсіпкерлік пен бизнес ортаны дамыту жобасының қолдауымен іске асырылып келеді. Бағдарлама бизнес пен тұлғалық дамуды табысты жүргізу үшін кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған.
АНТОН ЗИНОВЬЕВ –  ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ БИЗНЕС-ОРТАНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ USAID ЖОБАСЫНЫҢ ЕЛДІК МЕНЕДЖЕРІ
 Біздің басты миссиямыз бизнестің эко жүйесін қолдауға бағытталған. Орта және кіші бизнесті дамытуға атсалысамыз. Бағдарламаның дамуына жәрдем беріп, қолдау көрсетеміз. Бұл тек Қазақстанда емес орта азия елдерінде жүзеге асырылады. Мұндағы мақсат TalpynUp бағдарламасын орта азия елдеріндегі бизнес қауымдастықтарының ісін ілгерілетуге, эәне сол елдердің экономикасын дамытуға бағытталған.    
USAID - Орталық Азия халықтарымен бірге әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатты қамтамасыз етуге жәрдемдесетін жетекші американдық үкіметтік агенттік. Жоба Орталық Азияда жылдам өсетін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.