Биыл Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің шебері, дарынды суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл. Осыған орай Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы оқушылар арасында  шығармашылық байқау өткізді. Онда суретшінің  1969 жылы салынған атақты «Түрксіб» картинасын пазлмен толықтырды. Жеңіпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Мөлдір Бұлтанова 10 сыныпта оқиды. Ол 10 жасынан сурет салумен айналысады. Болашақта архитектор болуды армандайды. Кітапхана ұжымы ұйымдастырған шығармашылық байқауда бағын сынап көрмекші.  Сайыстың шарты бойынша жас суретшілер Қастеевтің атақты «Түрксіб» қартинасын 50 бөліктен тұратын пазлмен толтықтыру керек.
МӨЛДІР БҰЛТАНОВА – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
  Әр адам осы бізде қанша 50 бөлшекке бөлінген. Және осы пазлды әр қайсысы өз жағын сурет салады. Өз бөлігін суреттейді. Және біткен кезде барлық пазлды бір сурете жинақтаймыз. СОл кезде Қатсеев ағамыз салған Түрксіб суретін біз өзіміз шығарған деп не істейміз. Және ол үлкен форматта болады.  
 Қылқалам шеберінің қолтаңбасы үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картинада бар. Қазір олар қазақ көркемсурет өнерінің баға жетпес қазынасына айналған. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған шығармашылық байқауға қаладағы мектептерден 100-ден аса оқушы қатысты.  
 СҮНДЕТ СЕЙІТОВ – А.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
 Бұл жерде жүзден аса қатысушы бар. Әрқайсысы екі-үш тақырыптан суреттерін салған. Одан кейін үздігі таңдап алынады. Мұнда сол жүлдегерлердің, жеңімпаздардың көрмесі қойылды осында.
 Іс-шарада ҚР еңбегі сіңген қайраткерлер мен қаламыздың белгілі суретшілері байқауға қатысушыларға лекция оқып, арнайы дәріс өткізді.