«Тірі қаламын ба деп ойландым». Белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі ауыр отадан кейінгі ойының осы болғанын айтты. Түркістанда өнер қайраткерінің шағын шығармашылық кеші өтті. Ол жерде биыл ғана тұсауы кесілген жаңа жинағын да таныстырып, зиялы қауымның басын қосты. Бірақ, бұл бастама өзінікі емес, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың инициативасы екенін айтып қалды.

 Жинақ шығару дегенді құнттамай келген композитор денсаулығы сыр бергенде ғана артында із қалдыру қажеттігін ескерген. Биыл қыркүйекте ғана Алматы қаласында тұсауы кесіліп, жарыққа шыққан. Бірақ, өзінің туған жері Түркістан облысындағы кештің орны бөлек екенін айтады.

 Қалдыбек Құрманәлі «Шәмші мұрасының шырақшысы» атанып кеткен. Композитордың шығарма¬шы¬лығы бүгінде қазақ музыкасының алтын қорына енген. Аты аңызға ай¬налған «Қазақ вальсінің королі» Шәм-ші Қалдаяқовпен көзі тірі¬сінде кездесіп, тырнақалды туын¬ды¬ларына оң бағасын алған. Мұны ел де бағалап, өнер иесін еркелетіп жүреді.

Аталмыш кітапқа композитордың авторлық әндері нотаға түсіріліп берілген. Сонымен қатар, белгілі тұлғалардың, қаламгерлер мен ақындардың Қалдыбек Құрманәлінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы ой-пікірлері, мақалалары және композиторға арналған өлең жолдары енген. Айта кетейік, өнер майталманы осы уақытқа дейін 40-қа жуық ән жазған. Барлығы-дерлік ел аузында жүрген, белді әншілердің репертуарындағы туындылар.