Қазақстандықтар енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмайды

Мәжіліс бүгін тиісті заң жобасын мақұлдады. Одан бөлек микрокредиттік ұйымдардың беретін қарызына шекті пайыздық мөлшерлеме бекіту көзделген. 2026 жылға дейін проблемалық несиелер коллекторларға сатылмайды. Ал егер тұтынушы банк алдындағы қарызын 90 күннен артық төлемесе, оған басқа несие мүлде берілмейді. Бұл құжат халықтың несиесін азайтуға бағытталған.