Жыл басынан бері тұтынушы құқықтарын қорғау департаментіне тұрғындар тарапынан 1000-ға жуық өтініш түскен. Қазір осы арыздарды өңдеу, сотқа жолдау сияқты сүйемелдеу жұмыстары жүріп жатыр. Департамент мамандары үшінші жақ ретінде сот процесіне тұрақты қатысып келеді. Салада өзге қандай жаңалық бар?

Оқиға осы наурыз айында болған. «Белый ветер КЗ» ЖШС үстінен компьютер бойынша сотқа талап-арыз беріліп, тұтынушы өтініші ішінара қанағаттандырылған. Тауарға төленген 506 мың теңге мөлшерінде сомма, 50 мың теңге моральдік шығын, 150 мың теңге өкілдік шығыстар өндіріп алу бойынша соттың шешімі шыққан. Бұл жерде моральдік зиян ғана толық қанағаттандырылмапты.

 Сонымен қатар, биыл қаңтар айында тұтынушы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын сотқа берген. Негізгі шағым – сапасыз төселген асфальт. Арызданушының талабы қанағаттандырылып, соттың оң шешімі шыққан.

Айта кету керек, қазіргі таңда тұтынушы құқығына қатысты Заңға өзгеріс еніп жатыр. Құжатқа сай халықтың құқығын заңгерлер, қоғамдық бірлестіктер, департамент жабылып қорғауға жұмылып отыр.