«ҚазМұнайГаз» АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытында 25 наурыздан бастап жөндеу жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану үшін  жоспарға  сәйкес жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында қолға алынған.  Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды. Шымкент мұнай өңдеу зауытына жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өткен. Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойып отыр.