Соңғы үш жылда пәтер кезегіне тіркелгендер саны артқан. 2022 жылы 40 мыңнан аса Шымкенттік баспана кезегіне өтініш берсе, 2023 жылы көрсеткіш 48 мыңнан асыпты. Олардың біразы тегін үйден дәмелі болса, тағы бір бөлігі мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін тіркелген. Үй алуға кезекке тұрушылар саныының арту себебі не? Әлде үлестіріліп жатқан пәтер саны жеткіліксіз бе? Себеп салдарын әріптесім Нұрлан Пайзов біліп көрген еді.
Нұрлан Пайзов, тілші
- Шымкент мегаполис статусын иеленгелі Түркістан облысы мен өзге өңірлерден шаһарға қоныс аударушылар көбейген. Мәселен  2018 жылы құжатын қалаға тіркегендер бүгінде үй кезегіне өтініш беріп қойған. Нәтижесінде соңғы бес жылда баспана кезегіне тіркелушілер саны артып 51 мың азаматқа жеткен. Ал соңғы екі жылдың өзінде 3 мың азамат баспана кезегіне өтініш тастаған.   

Деседе баспана кезегіне тұрудың өзіндік шарты бар. Ол үшін азаматтың қалада кемінде үш жыл тұрақты тіркеуде болу шарт. Алайда осы жылдар аралығында үй кезегіне құжатын құнттағандардың барлығы уақытылы баспаналы болды дегенді білдірмейді. Себебі  тұрғындарың алды 13 жыл бұрын құжатын түгендесе де кезегі әлі күнге дейін келмепті. Ал шаһар халқы мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алу тиімді дейді.

 Жылда түрлі мемлекеттік бағдарлама арқылы 4000 ға жуық баспана кілті табысталады. Мәселен 2023 жылы сатып алу құқығынсыз 1407 пәтер үлестірілсе, несиелік бағытта 1514 отбасы баспаналы болған. Ал биыл 4700 ге жуық отбасы қоныс тойын тайлайды деп жоспарланған.

 Жыл сайын мемлекеттің арқасында 500 ден аса азамат баспана жағдайын жақсартса, екі мыңнан аса тұрғын кезекке тұрып тізімді толықтырады. Айта өтейік, биыл баспана кезегіне 351 көпбалалы отбасы, 449 әлеуметтік осыл топтағлар мен 900 жас тіркелген. Сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған 200 бала да биыл қоныс тойын тойлайды деп жоспарланған. Ал жылдық жоспардың орындалуы құрылыс басқармасының тапсырған тұрғын үй нысанына тікелей байланысты болмақ.