Түркістан облысында тәртіп сақшылары қызмет көрсетілетін Келес ауданданың аумақта рейд жүргізу барысында тоқтатқан тіркемеде моторлы қайығы бар «ВАЗ» автокөлігін олардың күдігін тудырды. Ал, Көлік прокуратурасы жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды.


 Түркістан облысында тәртіп сақшылары қызмет көрсетілетін Келес ауданданың аумақта рейд жүргізу барысында тоқтатқан тіркемеде моторлы қайығы бар «ВАЗ» автокөлігін олардың күдігін тудырды. Тексеру барысында учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғыннан қайық, мотор, ау және басқа керек-жарақтарды, сондай-ақ 100-ден астам әр түрлі балықтарды тауып, тәркіледі. Анықталғандай, 45 жастағы ер адам моторлы қайық пен ауларды пайдаланып, Сырдария өзенінде заңсыз балық аулаумен айналысқан. Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталуда.

ҚАЗАҚСТАНҒА 45 ЖҮК КӨЛІГІ МЕН ТІРКЕМЕНІҢ ЗАҢСЫЗ КІРГІЗІЛГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Нәтижесінде қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды, бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.