Алдағы күндері күн суытады, сондықтан пәтерлерде жылу 31 наурызға дейін өшірілмейді дейді жылуберушілер. «Қуатжылуорталығы-3» МКК мамандары «2023-2024 жылдарына арналған  жылыту маусымы» Шымкентте 1 сәуірде аяқталады. Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.


Жылу 31-наурызға дейін өшірілмейді. Өйткені, алдағы күндері күн күрт суытады. Айта кететін жәйт, мегаполисте жылу беру маусымы былтыр алдағы жылдарға қарағанда ертерек, яғни 20-шы қазанда басталды. Өйткені күн суып, тұрғындар  жылуды қосу жөнінде өтініш жасаған болатын. Жылыту маусымы аяқталуға жақын, алайда тұтынған жылуға төлем жасауға асықпайтын жерлестеріміз де бар көрінеді. Жылуберушілердің деректері бойынша қазіргі таңда жеке тұлғалардың   965 миллионнан астам  теңге көлемінде қарызы жиналып қалған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде


ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША ШАҒЫМЫҢЫЗ БОЛСА, ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.Талдау барысында бюджетті жоспарлау, aleumet.egov порталында тауарлар мен қызметтерді сатып алу, АӘК төлемдері, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ қызметкерлерге жалақы төлеу мәселелері зерделенетін болады. Егер Сізде шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса 8771 5186834 WhatsApp нөміріне немесе prevention.shymkent@gmail.com электрондық поштасына жолдай аласыз.