Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады.

Жаңа оқу жылында бірінші класқа 370 мыңнан астам бала барады деп жоспарланған. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші класқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық бала, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші класс оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған, — деді орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.  Балалар бірінші класқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.