Түркістан қаласында орналасқан «Балуан Шолақ» спорт кешенінде баскетболдан 2007-2008, 2010-2011 жылы туылған қыздар арасында ел чемпионаты басталды. Ел біріншіліне бірнеше өңірден спортшылар келді.

Республикалық чемпионатқа Астана, Шымкент қалаларымен қатар Повладар, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстарынан жалпы 19 команда 200-ден астап спортшылар келген. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова қатысты.

Сонымен бірге ашылу салтанатында баскетболдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Иван Гайна жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Барлық спортшыларды, жаттықтушы құрамды осы чемпионатта көргеніме қуаныштымын. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған, ол үшін облыс басшылығына алғыс білдермін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, жарақатсыз жарыс болсын!  

Түркістан төрінде басталған баскетбол бәсекесі 19-27 наурыз аралығына жоспарланған. Жалпы бұл жарыстың негізгі мақсаты жастар арасында баскетбол ойынын кеңінен насихаттап, ел құрамасына лайықты спортшыларды іріктеу. Сондай-ақ, еліміздегі басткетболдан ұлттық лигада өнер көрсетіп жатқан командаларға резерв дайындау болып табылады. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары арнайы медальдар, алғыс хаттар және кубоктармен марапатталады.