Шымкентте криминалды ахуал тұрақты. Оған жергілікті полицияның үлесі зор. Түрлі кешенді шаралар да нәтежиесіз емес. Өткен жылдармен салыстырғанда кейбір құқықбұзушылықтардың саны азайып, қылмыстық әрекеттер сейілген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы Ұлықбек Мылтықов мәлімдеді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, ел азаматтарының мүддесі мен тыныштығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету полицияның басты міндеті. Мамандардың табанды еңбегі нәтижесіз емес. Қала аумағында тіркелген қылмыстар саны – 36,3 пайызға азайған. Оның ішінде қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 %-ға төмендеп отыр.

Соңғы уақытта кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар азайған. Оған қала мектептерінің бейнебақылау камералары көп көмегін тигізіп отыр. 3446 білім орталықтарында, «Қауіпсіз қала» қағидаты бойынша бейнебақылау камерасы жедел басқару орталығына интерграцияланған.

«Қазактелеком» акционерлік қоғамы бұлтты 2460 және 1851 темір жол, жер асты өткелдерде, денсаулық сақтау объектілерінде, үй аулалары мен базар аумақтарында орнатылған.