Төлеби ауданында  сыйымдылығы  1 млн текше метрді құрайтын су қоймасы салынып жатыр. Қойма еріген қар суы мен қоса бұлақ көзінен жиналған ағынды сумен толтырылмақ.  Мамандар жасанды айдында жиналған тіршілік нәрі өңірдегі су тапшылығын шешуге септесіп қана қоймай, қосымша 360 гектар алқапты игеруге мүмкіндік береді деп отыр.

 Төле би ауданындағы мына алқапта қазір қарбалас. Ауыр техникалар су қоймасының ұлтанын тегістеп жатыр. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Нысанды салу үшін қазынадан 1 миллиард 123 миллион теңге бөлінді.

 Жаңа жобаның аудан үшін әлеуеті зор. Қосымша 360 гектар жерді игеруге мүмкіндік береді. Шаруалар өнімділікті арттырып қана қоймай, егістік алқаптарын да әртараптандырмақ.

ЗАУЗАТ ҚАЙЫПБЕКОВ, БАҒБАН

- Қыста қардың суы ерте көктемде жауын суының бәрі ағып кетеді. Ағып сай саламен кетеді да Бадамға құйяды.Бадам Арысқа құяды сомен кетеді. Бұл жерде ешқандай су ұстай алмай қаламыз. Қазір енді ағаларымыз үкімет басшысы да айтып жатыр сол суларды ұстап қалайық деп. Осына қолдаймын ауылдың бәрі қолдап жатыр.

 Аймақта су үнемдеу технологиясының тиімді тетіктері де қолданысқа еніп жатыр. Қазір дихандар тың технологияға бет бұрып, жаңбырлатып суару әдісін пайдалануда.

АСХАТ РАЙЫМБЕКОВ,ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

- Ағын судың көлемі азайып бара жатыр жылдан-жылға ол енді климаттың өзгеруімен де тікелей байланысты шығар. Енді осыған байланысты биылғы жылы ауданымызға 500 гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бар суымызды біз үнемдеп пайдалануымыз керек. Осы бағытта шаруаларға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.

Су қоймасын салуға жергілікті мамандар тартылған. Отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр. Нысан құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек.