Шымкентте садақ атудан «Гран-При Шымкент» ашық турнирі бастауын алды. Байрақты бәсекеге алыс жақын көрші мемлекеттер мен еліміздің барлық өңірлерінен 250-ден астам спортшы қатысып бақтарын сынауда. Жарыс жайлы толығырақ әріптесім тарқатып айтады.

 Ашық турнирге 5 елден: Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның барлық облыстарынан сұр мергендер қатысуда. Еліміздегі садақ ату спортын дамыту, спортшылардың біліктілігін арттыру және рейтингтерін анықтау – дүбірлі доданың басты мақсаты.

Сонымен қатар, турнир барысында Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем кубогы мен әлем чемпионатының жеңімпаздары өз өнерлерін көрсетеді. Айта кетейік құралайды көзге атқан мергендер сайысы наурызың 25-30 аралығында өтеді.