1 Наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні! Осы орайда қалалық төтенше жағдайлар департаменті құқық қорғау органдары арасында эстафеталық жарыс өткізді.  5 команда қатысқан сайыс оқушылар сарайында ұйымдастырылды.

Эстафеталық жарысқа қалалық Полиция департаменті, 6506 әскери бөлімі мен қорғаныс министрлігіне қарасты 35748 әскери бөлімі, өрт сөндіру және авариялык құтқару жумыстары кызметі  мен Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің білім алушылары қатысты. Іс-шараны өткізудегі мақсат Азаматтық қорғаныс қызметінің имиджін арттыру дейді ұйымдастырушылар.  

Қатысушылар төтенше жағдай орын алғанда не істеу керектігін жақсы біледі. Олар командалық сайыста шапшаңдық танытты. Жеке қорғану құралын киіп, апатты жағдайда құтқару жұмысын қалай ұйымдастыру керектігін көрсетті.  

Ал төрешілер қатысушылардың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтады.  Жарыс қорытындысы бойынша  бас жүлдені  С.Рахымов атындағы «Жас ұлан»  Республикаық мектебінің тәрбиеленушілері жеңіп алды.

Эстафеталық жарыста ҚР министрлігінің 35748 әскери бөлімі – 1 орынды қанжығаға байласа, өрт сөндіру және авариялык құтқару жумыстары кызметінің командасы – 2 орынды қанағат тұтты. Жарыс жеңімпаздарына төтеншеліктер арнайы диплом табыстады.