Талант атаулы қашаннан халық құрметі мен сүйіпсеншілігіне бөленген.Бүгін өлкемізден шыққан белгілі қаламгер ақын Бек Сахабаттың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Жиында жазушының өткен өмірі баяндалып, жыр жазбалары жатқа  оқылды.

 Қазақ халқы ертеден ақын-жазушыларын ардақтап,айрықша қадірлеген. Белгілі ақын, жазушы, түркітанушы Сәрсен Бек  Сахабат 1954 жылы 24 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келген.Ол«Үркер таққа тоғайды», «Сені ойға алдым», «Жер шоқтығы Түркістан», «Машырыққа ұшқан тырналар» сынды  прозалық кітаптарының авторы.

 Өлді деуге болама айтыңдаршы,өлмейтұғын артында із қалдырған. Осылай деген жазушының әріптестері де жас ұрпаққа қаламгердің өткен өмірін баянадады.  Өмірден озғанына үш жылдан астам уақыт өтсе де , ақынның   әдеби-тарихи танымдық зерттеулерін  оқырмандары әлі күнге дейін жастана оқиды.

Мәдени кешке студенттер мен оқырмандар сондай-ақ жазуының туған-туысқандары қатысты.Жиын соңы қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, ән-күймен жалғасын тапты.