Шымкентте жедел жәрдем қызметіне арналған жүздеген автокөлік екі есе қымбатқа сатып алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді.

 2019 жылы көліктерді жаңғырту жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылған. Алайда тексеру қорытындысына сәйкес бюджеттен негізсіз 2,1 миллиард теңге артық аударылған. Осыған қарамастан Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы көліктерді қабылдап, қаржының игерілгені туралы есеп берген. Сот отырысында тергеу материалдары дәлелін тапты. Кәсіпкерге төленген қаражат мемлекет пайдасына қайтарылды.

Алексей Колосков  -  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы бірінші орынбасарының м.а
- Аяқталған сотқа дейінгі іс жүргізу аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құны асыра бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты, Департаменттің ұсынымы бойынша әкімдіктің бейінді басқармасы сотқа тиісті талап қоюға бастамашылық жасап, жобаның құны 2,1 млрд теңгеге төмендету жағына өзгертілді.