Түркістанда бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Аймақ басшысы кезекті рет Түркістанды жаяу аралап, құрылыс алаңдарында болды. Ең алдымен жаңадан салынып жатқан жылыжайы бар ерекше саябақтың жұмыстармен танысты.

Бұл саябақ туристерді тартатын орынға айналуы керек. Осылай деген облыс әкімі қала әкімі мен мердігер мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді Демалыс аймағы №7 және №30 көшелердің бойынша орналасқан. Құрылыс жұмыстарын  «Компания Өнім» ЖШС жүргізіп жатыр. Жер көлемі – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы 61,892 шаршы метр болса, жабындар алаңы 42777 шаршы метрді құрайды. Құрылысы 2 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда І кезең жұмыстары аяқталып, ІІ кезеңнің жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылы басталған құрылыс нысанын биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кетейік, елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық өсімдіктер, ағаштар өсіріледі. Арнайы жылыжай-ғимаратында саябақ қысы-жазы бойы жасыл болып тұрады. Арнайы жылу жүйесі орнатылады. Сонымен бірге сахна, трибуна, 2 субұрқақ, ойын алаңы, скейтбординг және шатырлар салынады. Саябаққа түрлі құстар, балықтар әкелінеді деген жоспар бар. Бүгінде мұнда ағаштар, бұталар, гүлдер егіліп, көгалдар төселген.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ
 Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралап, құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу жоспарланған. Биыл облыс көлемінде жалпы 114 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 41 үй, 2820 пәтердің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Ал 73 үй, 3611 пәтер жеке инвесторлар есебінен үйлестірілуде. Облыс бойынша 2023 жылы көпқабатты 87 үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік бюджет есебінен 57 үй, 3051 пәтер болса, ал жеке салушылар есебінен 30 үй, 300 пәтер тапсырылған. Жалпы 900 мың мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.