Қазақстан – ауыр атлетикадан асығы алшысынан түскен мемлекет. Оған соңғы уақытта спортшыларымыз жеткен жетістіктер дәлел. Соңғы уақытта пауэрлифтингпен айналысатын қыздардың да қатары артқан.  Шымкенттік бұрымдылардың жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай.

 Пауэрлифтингтен Азия  чемпионы  Диёра Саидмуротова спорт «Қаратөбе» спорт клубының мүшесі. Бұл орталықта Диера сынды 50-ге тарта спортшы тұрақты жаттығып келеді. Жетістіктері де жоқ емес. Бала кезінен спортқа құмар Диёра алғаш рет волейбол мен баскетболда бағын сынап көрген. Бірақ пауэрлифтингте бағы жанып отыр.

16 жастағы Айкен Нуриддин спорттың осы түрімен 4 жылдан бері айналысып келеді. Талай байрақты бәсекеде топ жарған. Бір қарағаннан қиын болып көрінгенімен зілтемір көтерудің қиындығы жоқ екенін алға тартты.

 Қос бұрымдының ендігі мақсаты – Олипиада чемпионы болу. Оған жетер күн алыс емес. Байрақты бәсекеде өнер көрсетуге жас спортшылардың қарым-қабілеті мен білек күші жеткілікті. Ендеше қос арудың қазақтың көк туын желбіретіп, Әнұранын әлем аренасында шырқатқан сәтін тамашалайтын күнге жетейік.