1 сәуірден бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модульді іске қосады. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған.

Сондай-ақ ұстаздарды аттестаттауда құжаттарды тапсыру бойынша да автоматтандыру енгізілуде. Енді мұғалімдердің барлық мәліметтері «Педагог портфолиосы» модулінде жинақталады. Мұнда маман туралы, оның білімі, денсаулық жағдайы, жұмыс тәжірибесі, құқық бұзушылықтар, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар туралы электрондық ақпарат сақталады. Жүйені іске қосу алдында басқарма, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды. Еске сала кетейік, бұған дейін аталған модуль Шымкент қаласында және Қарағанды облысының Шахтинск қаласында сынақтан өткен.