Рамазан айының ортасынан да асып барамыз. Қасиетті оразадағы ең басты міндеттердің бірі – пітір садақасы. Оны кімге, қалай беру керегі туралы мифтер көбейді. Сондықтан, қала тұрғындарының көбі әлі садақасын бермей жүрген көрінеді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшерін белгіледі. Ол – 640 теңге болып бекітілді. 2024 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді:

Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ, - деген діни басқармадағылар.

Ал қала тұрғындары әлі пітір садақасын бермегенін айтады. Бұған «жан садақасынын» нақты кімге беру керегі туралы мәліметтердің жетіспеуі себеп сияқты. Ең алдымен туыс-туғандардың ішіндегі жоқ-жітіктерге, жетім-жесірлерге және басқа да мұқтаждарға беріледі. Егер ондай туыс-туғаны болмаса, көрші-қолаң арасындағы мұқтаждарға беріледі.

 Зекет те – жылына бір рет берілетін дәстүрлі садақаның түрі. Яғни жиған мал-мүліктен мұқтаждарға берілетін көмек. Оны қазақтар "малдың кірі" немесе "малын кірлеу" деп атаған. Бұл да азаматтың әлеумет алдындағы жауапкершілігін білдіреді. Бай өз малын "адалдап" алса, кедейлер алдындағы борышын өтеген болады.

Садақа – пітір, зекет, көмек, жылу, ақыл-кеңес, өнер-білім, тәрбие түрінде беріледі. Ең алдымен шын жүректен таза ниетпен, жанашырлықпен, өз маңымыздағы адамдардың өміріне деген ортақ жауапкершілікпен, махаббатпен, еш мақтанышсыз, күпірлік ойламай риясыз көңілмен көмек беру керек. Бердім екен демей, оны тез ұмытып, одан қайырым күтпеу керек.