27 наурыз театр күні қарсаңында Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрының әртістері марапатталып, мәз-мейрам болды. Олар өзара кәсіби мерекесін атап өтіп, үздіктер мен еңбегі сіңген азаматтардың мерейін асырды. Ақпарат саласындағы серіктестерін де елеусіз қалдырмай, «Оңтүстік» телеарнасына «Дидар» номинациясын беріп, насихаттау барысындағы еңбегімізге алғыстарын білдірді.

Театр – киелі өнер. Ал актерлар халыққа мәдениет пен руханият сыйлау үшін көп дүниені құрбан ететін мамандық иелері. Киелі сахна белгілі бір деңгейде еңбектен бөлек, ерік-жігер мен батырлықты талап етеді. Бұл күн өнерпаздар үшін ерекше сәт болды. Театрда актер ғана еңбек етпейді. Сахнаның сыртында талай саңлақтың маңдай тері жатыр. Соның бірі – суретшілер. Олар премьераға арналған кез-келген материалды жасап береді. Мерекеде түрлі номинациямен театр тарландары марапатталды.

Ақпарат саласында театр өнерін насихаттап жүрген журналистер қауымы да мереке қарсаңында марапатталды. «Оңтүстік» арнасы киелі өнерді көпке көрсетуді жалғастыра бермек.