Түркістанға Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елшімен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты.

Түркістан – Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы. Халқымыз үшін өте қастерлі мекен. Мұнда дін қайраткері Қожа Ахмет Ясауи, Қазақ елінің болашағына қызмет еткен хандар, билер, батырлар жерленген. 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, тарихи шаһардың жаңа тынысы ашылғанын бұл мекенге түрік  жұртшлығының ықыласы ерекше.

Өз кезегінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды  рухани, мәдени, тарихи тамырластықты тереңдетуі керек екендігін айтып сондай-ақ Түркия жастарына Түркістан, Қожа Ахмет Ясауи туралы мағлұмат берілсе,  өңірде туристер саны артатыны анық екендігін мәлімдеді.

Жиын соында қос тарап жан-жақты байланыстарды тереңдете түсуге уағдаласып, естелік сыйлықтармен алмасты.