Түркістан облысында криминогендік жағдай тұрақты. Жалпы қылмыстардың саны 9%-ға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр және ауыр қылмыстар 20%-ға, қарақшылық 50%-ға, азайған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен  ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

 Облыс аумағында интернет алаяқтықтың ауыр түрлерін тіркеу деректері 65,2%-ға өскен.  Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары атқарылуда. Заңсыз айналымда жүрген «Трамодол» дәрісіне тосқауыл қою бойынша жұмыстарға күш салынып, нәтижесінде 33 қылмыс іс анықталып, айғақ заттар тәркіленген. Өңірде спирттік ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны артқан.
Асқар Сапарғалиев- Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы  
-Криминогендік жағдай Түркістан облысы аумағында  өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.Соның ішінде Ордабасы ауданында 12,4 пайыз,Сарыағаш 10,8 Түлкібас 5,6 пайыздық көрсеткішті  көрсетіп қылмыс саны біршама артып отыр.

Комиссия отырысында сондай-ақ адам саудасына қарсы қылмыстар бойынша атқарылған жұмыстардың  нәтижесі баяндалды. Полиция департаментімен адам саудасының алдын алуға және еңбекті пайдалану құрбандарын анықтауға бағытталған жоба шеңберінде жоспар түзіліп, мобильді топ құрылған. Топ мүшелері облыс аумағында 8 мыңнан астам жеке кәсіпкер мен 6 мыңнан астам шаруа қожалықтары мен жайылым иелеріне түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде  жүргізіп келеді.

Сондай-ақ комиссияда табиғатты қорғау және браконьерлік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.  Өткен жылы бұл мақсатта орман күзеті қызметкерлерімен 1216 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 420 заң бұзушылық фактілері анықталған. Заң бұзушыларға 9 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. Жыл басынан бері 40-тан астам заң бұзушылық фактілері анықталған.

Жиында Облыс аумағындағы көлеңкелі экономикалық қылмыстардың алдын алу бойынша баяндама тыңдалды.Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда ақпараттық жүйеге сәйкес инстаргам әлеуметтік желісінде қаржылық пирамидаларының күдік қауіптері бар «X-LINE», «B2B», «Marqar» аккаунттары облыс аумағында қарқынды дамуда.
Айта кетейік қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету дерегімен тіркелген 2 қылмыстық іс тергеп-тексерілуде. Жүргізілген талдау барысында шамамен 650 млн.теңгеге 2000-нан аса  салымшылардың облысы аумағында атап айтқанда  Түлкібас және Төлеби, Жетісай, Мақтаарал аудандарының тұрғындары екені анықталған.. Облыс басшысы қаржылық пирамидалардың алдын алу, қаржылық алаяқтық, лудоманияға қарсы күрес және экономикалық қылмыстар деңгейін төмендету мақсатында нақты шаралар қабылдауды, бір жүйеге қоюды тапсырды.