Кітап оқитын ұлтты қалай қалыптастырамыз? Бұл елдегі өзекті мәселеге айналып отыр. Тіпті, жақында ғана Атырау өңірінде өткен үшінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ол үшін арнайы күн белгілеуді ұсынған еді. Қазір бұл жұмыстар қалай атқарылып жатыр екен?

«Ұлттық кітап» күнін белгілеу туралы ұсынысты Президент те қолдайтынын жеткізген. Мамандар бұл процесті жылдамдату үшін жастарды кітап оқуға баулу керегін айтады. Кітапханашылар цифрлық технология дәуірінде кітапхана ісі, жалпы бұл сала кенжелеп қалғанын жасырмайды.

Бірқатар депутат бұл салаға қатысты пікір білдірген. Олардың сөзінше, кітапханашылардың мәртебесі, балаларды кітап оқуға қызықтыру секілді процестер заң жобасы аясында шешімін табатын дүниелер.

Кітапханашылардың өткізетін жиындары тіпті тұрғындардың жас ерекшелігіне қарай бөлініп отырады. Қазір кітапты насихаттау әлеуметтік желіде де қарқынды. Book-блогерлер кітаптың мазмұнын жұмбақтай отырып, оқырманды дәл сол материалды алып оқуға қызықтырады.