Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік елтаңбаны өзгерту туралы ұсынысты қолдау керек деген еді. Ұлттық рәміздеріміздің бірі - елтаңбаға айтылатын сын-пікірлер қандай? Қалалықтардың бұған көзқарасы оң ба?

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан Елтаңбасын өзгертуді ұсынды. Президенттің сөзінше, Елтаңбамызды Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып, осыған қатысты сыни пікірлер айтылып келеді. Жаңалық қоғамды да бей-жай қалдырмады.


Ал жақында әлеуметтік желіде өткізілген сауалнамаға жауап берген жастардың 70 пайызы елтаңбаны білмеген, көп таңбалар ішінен тауып бере алмағаны байқалады. Кейбірі елтаңбада не бейнелегенін білмейтін де көрінеді. Әуелі елтаңбаның қос қапталында тұрған пырақты «единорог» деп шатасқандар да бар. Осы ретте қала тұрғындарының да ойын сұрастырдық.

 Елтаңбаны өзгертуді біреулер қолдаса, көбі қарсы. Бұл бастаманың негізгі идеясы «Кеңестік» көзқарастан арылу болса, бірқатар саясаттанушылар ол ойды жоққа шығарып отыр. Олардың сөзінше, Елтаңбаны өзгерту көпшіліктің сұранысы емес, жалған ұйымның ойлап тапқан акциясы екен.