Енді балаңыздың мектебін кез-келген уақытта ауыстыра аласыз. Мектеп жасындағы баланы жаңа мектепке ауыстыру ережесі өзгерді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
"Оқушыны мектептен мектепке тек демалыс кезінде көшіру туралы шектеу алынып тасталды. Осылайша, жаңа ережеге сәйкес, балаларды оқу жылы ішінде де тұрғылықты жері бойынша мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар", – делінген министрлік хабарламасында. Еске салайық, елімізде 1 сәуірден бастап осы жылы бірінші сыныпқа мектеп оқушылары үшін құжат қабылдау басталды. Өтініштер электронды форматта eGov.kz электронды үкімет порталы және “e-Білімал” жүйесі арқылы қабылданады.