Түркістан облысында бопсалау дерегіне қатысты күдікті ретінде 2 блогер ұсталды. Олар ұзақ уақыт бойы түрлі ұйым басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Сайрам аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактісіне қатысы бар екі блогерді анықтады. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпасы үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотты болған.